«Тіл – тәуелсіздік тұғыры»
22.09.2026
Бүгін, 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасындағы Тілдер күнін мерекелеу аясында Жібек жолы кентінің мектеп-лицейінде «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты олимпиада өз бастауын алды.
Олимпиадаға өзге ұлт оқушылары арасынан 5–7 сынып білім алушылары қатысып, қазақ тілінен білімдерін сынауда.
Оқушыларымызға олимпиадада сәттілік тілейміз! Мемлекеттік тілді білу – еліміздегі маңызды басымдықтардың бірі ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың бойында толеранттылық пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырып, көпұлтты Қазақстандағы мәдениеттердің өзара үндесуі мен бірлігін нығайтуға ықпал етеді!
Просмотров: 9